
2025 жылғы 24 шілдеде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департкментіне қарасты №59 мекемесінде тыйым салынған затты өткізуге әрекеттену фактісі тіркелді. Мекеме қызметкерлері мен 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жүргізген тексеру барысында азық-түлік тасымалдайтын ГАЗ-3302 автокөлігінің ауа сүзгісінен қағазға оралған, көк түсті «Redmi» маркалы ұялы телефон табылды. Телефонның ішінен SIM-карта немесе IMEI-коды анықталған жоқ.
Оқиға бойынша материал тіркеліп, құзырлы органдар — полиция, прокуратура және ҚАЖК хабардар етілді. Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiszhambyl/press/news/details/1046100?lang=kk
Жауап қалдыру