Санитариялық қызметке Е-Өтініш жүйесі арқылы өтінішті қалай дұрыс беру керек

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Егер сіз санитариялық нормалардың бұзылуымен, сапасыз өнімдермен немесе антисанитариялық жағдайлармен бетпе-бет келсеңіз, санитариялық қызметке Е-Өтініш электрондық жүйесі арқылы өтініш бере аласыз. Бұл – мәселе туралы хабарлап, оны шешуге қол жеткізудің ресми тәсілі.
Өтініш берер алдында не білу керек. Өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қаралады, сондықтан өтініш мүмкіндігінше нақты және шынайы болуы керек.
Жағдайды жай ғана сипаттау жеткіліксіз – бұзушылықтың қай жерде және қашан болғанын көрсету қажет; растайтын материалдарды қоса беру керек: фотосуреттер, бейнежазбалар, тауар чектері, қорытындылар және басқа да құжаттар.
Өтініш бермес бұрын Е-Өтініш жүйесінде ЭЦҚ немесе eGov порталы арқылы авторизациядан өту қажет. Өтініште міндетті түрде өзіңіздің толық деректеріңізді көрсетіңіз: тегі, аты, ЖСН, мекенжайы, байланыс телефоны және электрондық пошта. Одан кейін мәселенің мәнін баяндап, бар дәлелдерді тіркеңіз. Барлығы дұрыс толтырылғанына көз жеткізіп, өтінішті жіберіңіз.
Маңызды ақпарат: Санитариялық қызметтер өтініштерді қарауға міндетті, бірақ жоспардан тыс тексерулер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген заңды негіздер болған жағдайда ғана жүргізіледі. Яғни, қарапайым өтініш тексерудің дереу басталуына жеткіліксіз болуы мүмкін – ол халық денсаулығына нақты қауіп төндіретін фактілерді қамтуы тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1045662?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді