
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы аумағындағы Көкшетау – Рузаевка тасжолының 141-шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны жөнінде жүргізушілерден патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлама түсті.
Оқиға орнына СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ерлан Данкин мен Нұрлан Қожахметов жедел жетті. Олар жолдан шығып, орман жолағына тұрып қалған Renault жүк көлігін анықтады. Белгілі болғандай, 67 жастағы шетелдік жүргізуші ауыл шаруашылығы техникаларын Көкшетау қаласына тасымалдап бара жатқан.
Оның айтуынша, рульде келе жатып кенеттен өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Полицейлер дереу жедел жәрдем шақырып, жүргізушіні аудандық орталық ауруханаға жеткізуге көмектесті. Одан кейін тәртіп сақшылары ауылдық округтің әкімі Жеңіс Мұқашевпен байланысып, арнайы техника ұйымдастыруға жәрдем сұрады.
Нәтижесінде, жүк көлігі жол жиегіне шығарылып, жақын маңдағы серіктестік аумағына жеткізілді. Полицейлер бір мезетте жүкті күтіп отырған кәсіпорынмен де байланыс орнатып, олар келіп, көлік пен жүкті алып кетті. Қазіргі уақытта жүргізушіге қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1045907?lang=kk
Жауап қалдыру