Ұжымдастары әріптесін жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         Бүгін Қызылорда облысы ТЖД мәжіліс залында ерекше жиын өтті. Олар әріптесі – Баекеев Әбділдә Сәрсенбайұлын жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады.

         Жиында сала ардагерлері, әріптестері Әбділдә Сәрсенбайұлына атқарған нәтижелі қызметі үшін алғыс айтты, жаңа қызмет орнында табысқа жетіп, абыройлы болуына тілек білдірді.

         Сонымен бірге оның Сыр өңіріндегі қызмет жолы туралы бейнеролик тамашаланды.

         Әбділдә Сәрсенбайұлы Қызылорда облысының Шиелі ауданында 1984 жылы туылған. 2005 жылы Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін бітірген, «Құқықтану» мамандығы бар.

         Еңбек жолын 2005 жылы Қарағанды қаласында №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде инженер болып бастаған. Сонымен бірге Астана қаласы және Қызылорда облысында өрт сөндіру саласында абыроймен қызмет еткен. 2022 жылдан бастап Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары» мекемесінің бастығы болды. 2025 жылдан Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы болып қызмет етті.

         Қызылорда облысы ТЖД басшылығы мен ұжымы оны Атырау облысының ТЖД бастығының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалуымен құттықтап, естелік сыйлықты табыстады. Өз тарапынан Әбділдә Сәрсенбайұлы да ұжымға ризашылық білдірді.

        

Қызылорда облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1045964?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді