2025 жылғы 5 тамыз күні Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханада тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдауға мәслихаттағы тұрақты комиссия төрағалары Қ. Досалиев, Т. Айтбаев, А. Елшиева, Ш. Қозбахов, аудан әкімінің орынбасары мен қала әкімдігі басқармаларының басшылары қатысты.
Қабылдау барысында Ә. Әбдірайымұлы мәдениет саласын дамыту, идеологиялық шаралар кешенін ұйымдастыру туралы, К. Қаныбекова балаларға арналған үйірмелердің (бұрынғы «Арт спорт» жобасы) құқықтық қызметі мен ұйымдастыру мәселелері туралы, Г. Уселбекова әлеуметтік осал топ ретінде тұрғын үймен қамту мәселесін, А. Ескенова қамқоршылығындағы азаматтың тұрғын үйін жекешелендіру туралы, Ә. Қозыбақов тұрғын үй кезегіне тұру, М. Хамидов Мақтаарал көшесіне (236-квартал) жол салу, жарықтандыру, көше атауын беру, Ф. Абдурахманова Мәметова көшесі (235-квартал) асфальт төсеу және көшені жарықтандыру мәселелерін айтып, қолдау көрсетуді сұрады.
Б. Нарымбетов әрбір өтініш иесін мұқият тыңдап, тиісті сала қызметкерлерімен бірге тұрғындарға мәселенің шешу жолдарын заң аясында түсіндірді. Аталған мәселелердің бірқатары шешімін тапса, кейбір мәселелер бойынша шешу мерзімдері белгіленді. Азаматтардың мәселесі бақылауда болатынын және жауапты мекемелердің де назарына ұсынылатынын жеткізді.
Сонымен қатар, зерделеуді қажет ететін өтініштер тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, шешімін қарастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-maslihat/press/news/details/1045963?lang=kk
Жауап қалдыру