БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА «ӘДЕБИЕТ ОҚЫҒАН ҰРПАҚ – БОЛАШАҒЫ БИІК ЕЛ» АТТЫ КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Әдебиет оқыған ұрпақ – болашағы биік ел» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты – жас ұрпақ арасында әдебиетке деген сүйіспеншілікті оятып, рухани құндылықтарды насихаттау, ұлттық сана мен тарихи жадыны қалыптастыру.

Іс-шара аясында Ұлттық құрылтай мүшелерінің бастамасымен жарияланған, қазақстандық оқырмандар арасында ең үздік 100 кітапты анықтауға бағытталған «100 кітап» ұлттық сауалнамасы туралы кеңінен мағлұмат берілді. Бұл бастама кітап оқуға қызығушылықты арттырып, жастардың әдеби талғамын дамытуға ықпал етуді көздейді.

Кітап көрмесі – әдебиеттің адамгершілік пен ұлттық тәрбиедегі орнын айқындап, жас буынды парасат пен пайымға жетелей түсуге бағытталған. Көрмеге қойылған туындылар арқылы оқырман рухани байлықпен сусындап, ұлттық болмысты тереңірек танып, тарихи сана-сезімін нығайтуға мүмкіндік алады.

Бұл әдеби шара – ел ертеңі саналатын жас ұрпақтың рухани өсуіне, ұлт мұрасына деген құрметтің қалыптасуына үлкен серпін берері сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1046536?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді