Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Серік Сәбетайұлы Қытайлық инвестормен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 6 тамыз күні Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Серік Сәбетайұлы Zhejiang Meibao Industrial Technology Co., Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Zhejiang Meibao — энергетика, химия өнеркәсібі, қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және жаңа материалдарды пайдалану саласында жоғары технологиялық өнеркәсіптік жабдықтарды әзірлеуге маманданған Қытайлық ғылыми-өндірістік кәсіпорын.

Кездесу барысында компанияның тұрмыстық қатты қалдықтарды пиролиз әдісімен өңдеу арқылы электр энергиясын өндіретін және экологиялық тыңайтқыштар шығаратын инновациялық зауыт жобасы таныстырылды. Жоба аясында тәулігіне 300 тонна ТҚҚ өңдеу көзделуде.

Инвесторлар бұл жобаны Қазақстанда іске асыру мүмкіндігін қарастыруда. Серік Сәбетайұлы тарапынан облыстағы осындай экологиялық маңызды жобаларды қолдауға дайын екені айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-industrial/press/news/details/1046661?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді