8 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты: елордада жұмыссыздық көрсеткіші төмендеп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының статистика департаментінің деректері бойынша елордада 14 пен 35 жас аралығындағы 481 630 жастар тұрады, оның ішінде жұмыс күші 315 509 адамды құрайды, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар – 303 545; жұмыссыздар – 11 964 адам. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Олжас Омар мәлім етті.

«Биыл 10 678 жасты жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарланып отыр, оның ішінде 4 000 адам жұмыспен қамтылады, 1 873 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жіберіледі, кәсіптік оқытуға және кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға бағытталған іс-шаралар аясында 1 805 адам қамтылады, сондай-ақ кәсіптік бағдарлау іс-шараларымен 3000 мектеп оқушысын қамту жоспарланып отыр.

2025 жылдың басынан бастап Астана қаласының мансап орталығына 19 131 жас азамат жұмыспен қамту сұрағы бойынша жүгінді, оның ішінде 8 134 адам белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.

Қазіргі уақытта 5 753 жас (3 673 әйел, 2 080 ер адам) жұмыссыз ретінде есепте тұр, оның ішінде 1 527 адам – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының қатысушылары, 2 426 – жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді алушылар, 1 800-і – белсенді жұмыс іздестіруде», – дейді Олжас Омар.

Ол сөзін жалғай отырып, субсидияланатын жұмыс орындарына 1 438 жас жіберілгенін, оның 320-сы «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында мемлекеттен қолдау алғанын, 104 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және 1 014-і қоғамдық жұмыстарға жіберілгенін айтты.

Кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға бағытталған іс-шаралар аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 934 жас кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті, ал skills.enbek.kz  порталында 339 жастар сұранысқа ие дағдыларды үйренді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1047131?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді