Облыс тұрғындарын отындық ағашпен қамтамасыз ету туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Біздің өңірде жылыту маусымы 7 айдан астам уақытқа созылады, сондықтан қысқа отын ағашын уақытында дайындау күтпеген қиындықтардан құтқарады. Отынды дайындаудың ең қолайлы уақыты – жаз-күз мезгілі.

Ағаш дайындау процесі рұқсат құжаттарын ресімдеуден басталады. Жергілікті халықтың отынға деген қажеттілігін қамтамасыз ету орман мекемелеріне түскен өтінімдер негізінде жүзеге асырылады және негізінен басты және аралық пайдаланудан, басқа да кесулерден және орманды санитарлық тазалау жұмыстарының нәтижесінде алынған ағашты сату арқылы іске асырылады.

Отын ретінде ең алдымен қураған, шіріген, ауруға шалдыққан, зиянкестермен зақымдалған және орман өрттерінің салдарынан зардап шеккен ағаштар есепке алынады. Мұндай тәсіл ормандарды сауықтыру және орманды санитарлық тазарту, сирету іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді. Сау, жас ағаштар кесуге жатпайды.

Облыс бойынша 2025 жылға арналған орман қорының көлемі 513,7 мың текше метр болып бекітілген.

Әрбір елді мекен үшін барынша қолжетімді орман қоры бөлінеді. Объективті жағдайларға байланысты бұл учаскелер әрдайым жақын жерде бола бермейді, сондықтан кейбір ағаш дайындау учаскелері халықтан шалғай орналасады. Мұндай жағдайларда жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік осал топтарға көмектесу үшін қажетті шаралар қабылдайды.

Рұқсат алу үшін тұрғындар жақын маңдағы орман шаруашылығына жүгініп, өтінім береді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына (Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 91-бабы) сәйкес, өтінім тіркеледі. Әдетте өтінім сол күні қаралады. Қаралғаннан кейін тұтынушы ағаштың құнын «Қазпошта» бөлімшелері арқылы төлеп, орман мекемесімен шарт жасасады.

Тұтынушыға берілген учаскеде кесуге белгіленген әрбір ағаш, көлемі мен есебі үшін таңбаланады. Орманшылық басшысы не орман шебері тек белгіленген ағаштардың ғана кесілуін қатаң қадағалайды.

Солтүстік Қазақстан облысының отынға өтінім берген барлық тұрғындары, қажетті көлемде отынмен қамтамасыз етілуде. 2025 жылдың жеті айында мемлекеттік орман мекемелері жалпы бөлінген орман қорынан 396,5 мың текше метр көлемінен 133,2 мың текше метрі жіберіліп, ұзақ мерзімді орман пайдаланушылары бөлінген орман қорының 117,2 мың текше метр көлемінен 30,7 мың текше метрі жіберілді.

Отын дайындау жұмыстары ең қарқынды жүргізілген аудандар: М. Жұмабаев, Мамлютка, Қызылжар.

2025 жылғы орман қорына берілген рұқсат құжаттарының мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Орман шаруашылығында отын ағашы 1 текше метрі үшін бағасы 2 500 тенге болатын, санитарлық кесулерден босатылады.

Облыс тұрғындарын отынмен қамтамасыз еті мәселелері жедел шеші «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне қарасты  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ мен орман шаруашылықтарының басшыларының тұрақты бақылауында.

Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімінің статисті
Сүлейменова С. Е.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tabigat/press/news/details/1047114?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді