
2025 жылғы 4 тамыздан бастап Ақмола облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес, Целиноград ауданының Полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция подполковнигі Ерболат Бекбұлатұлы Карипбаев тағайындалды.
Осы тағайындалғанға дейін Ерболат Бекбұлатұлы Қосшы қаласы Полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарып, кәсіби даярлығы жоғары, басқарушылық қабілеті мықты, тәжірибелі әрі жауапты басшы ретінде өзін жақсы қырынан көрсете білді.
Полиция подполковнигі Карипбаевтің тағайындалуы – Целиноград ауданының құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттыруға, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтың сенімін нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1047113?lang=kk
Жауап қалдыру