
Еңбек адамы: Манарбек Төлегенұлы Айтқұлов – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері
2015 жылдан бері су шаруашылығы саласында абыройлы еңбек етіп келе жатқан білікті маман еңбек жолын инженер-гидролог қызметінен бастаған.
Бүгінде ол Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қазсушар» РМК Ақмола филиалының пайдалану бөлімі басшысы қызметін атқарады.
Кәсіби салада терең білім мен тәжірибе жинақтаған Манарбек Төлегенұлы өндірістік процестерді тиімді ұйымдастыруда, су нысандарын үздіксіз және сапалы пайдалануда жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Ол тапсырылған істі тиянақты орындауымен, күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуімен ерекшеленеді.
Еңбекқорлығы, әріптестеріне деген сыйластығы және шаруалармен тез тіл табыса білетін ашық қарым-қатынасымен танылған ол су шаруашылығы саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген абыройлы азамат.
Бейнероликке сілтеме: https://t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi/5757
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1046911?lang=kk
Жауап қалдыру