А. Ертаев пен Чжо Тэ-ик Қазақстанның оңтүстіккореялық шетелдіктерге жұмыс істеуге рұқсат беру жүйесіне қосылуын талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев пен Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-ик екіжақты кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар елімізді оңтүстіккореялық шетелдік азаматтарға жұмыс істеуге рұқсат беру жүйесіне – Employment Permit System (EPS) енгізу бойынша алдағы қадамдарды талқылады.

Асқарбек Ертаев Чжо Тэ-икті қазақстандық азаматтардың Корея Республикасында заңды, қауіпсіз және тәртіпке келтірілген жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан қабылдап жатқан шаралар кешені туралы хабардар етті.

Тараптар осы саладағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Вице-министр Корея Республикасының Елшілігіне сындарлы және татымды диалог үшін алғысын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1047796?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді