Бүгін аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияздың төрағалығымен кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті.
Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, бос уақытын тиімді өткізу және әлеуметтік мәселелерді шешу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты қаралды.
Күн тәртібінде құқық қорғау органдарының, білім беру мекемелерінің және әлеуметтік сала мамандарының есебі тыңдалып, әрбір бағыт бойынша проблемалық мәселелер талқыланды. Әсіресе, ата-аналармен тығыз байланыс орнату, мектептерде профилактикалық жұмыстарды күшейту, сондай-ақ, мәдени-спорттық іс-шаралар арқылы жастарды пайдалы істерге тарту мәселелеріне баса назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Оның ішінде, оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, қауіпсіздік шараларын жетілдіру, әлеуметтік қолдау тетіктерін кеңейту және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған кешенді жоспар әзірлеу міндеттелді.
Мақсат – өскелең ұрпақтың қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуіне жағдай жасап, олардың жарқын болашағына сенімді қадам жасауына мүмкіндік беру.
Жауап қалдыру