ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА “QAZYGURT FEST” ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
☑️Киелі Қазығұрт төрінде аудан әкімдігі мен демеушілердің қолдауымен “QAZYGURT FEST” атты он мыңға жуық адам жиналған гала-концерт өтті.
☑️Мерекелік шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов қатысып, “Жұмысшы мамандықтар жылы” қарсаңында өз саласында адал қызмет атқарып жүрген бір топ еңбек адамдары мен үздік мекемелерді алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, концерт барысында аудан жастары “1 тамызды – Қазығұрт жастары күні” деп атап өтуді ұсынды. Елдің болашағы саналатын жастардың бұл ұсынысын аудан әкімі қолдап, жастардың бастамаларына әрдайым ашық екенін жеткізді.
☑️Сахна төрінде елімізге танымал эстрада жұлдыздары Өктем Алтаев, Қайрат Түнтеков, Серік Ибрагимов, Әділет Жауғашар өнер көрсетті. Сондай-ақ, жастардың сүйікті орындаушылары Ақсұңқар, Диана Алдабергенова, Әділ, Әли, Бағдат, Баянсұлу, Есқара Бейбітов және аудандық мәдениет сарайының әншілері көпшілікке керемет әндерін тарту етті.
☑️Ерекше көңіл-күй сыйлаған ең танымал әзіл жобасы “Jaidarman” ойындарының жұлдыздары: “Абырой”, “Ақбұлақ”, “Самал 3” командалары өздерінің тапқыр әзілдерімен көрерменге күлкі сыйлады. Концерт соңында отшашу ұйымдастырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1049215?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді