
Маңғыстауда шекарашылар теңіз жағалауын қоқыстан тазартты
Ақтауда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Шараға 120 әскери қызметші қатысып, «Солдат жағажайы» аумағы мен Ақтау теңіз сауда порты маңындағы 15 шақырымнан астам жағалау аумағын қоқыстан тазартты. Акция барысында шекара сақшылары 2 тоннадан астам қоқыс жинады. – Акцияның мақсаты – табиғатты сақтау, қоғамның назарын экология мәселелеріне аудару, өңірімізді барынша таза әрі жайлы ету, сондай-ақ әскери қызметшілер мен тұрғындарда экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау сезімін қалыптастыру, – деді ҚР ҰҚК шекара қызметі МО бойынша департаментінің бөлім бастығының орынбасары Ермек Теңгебаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1049179?lang=kk
Жауап қалдыру