Тұрақты комиссияняң отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     

       Бүгін аудандық мәслихатының экономика және бюджет, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары, заңдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы, және аграрлық және ауыл шаруашылығы, ауылдық аумақтарды дамыту және абаттандыру, халықтың десаулығын сақтау, білім беру, жастармен жұмыс, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы аудандық мәслихат депутаты А.С.Исанованың төрағалығымен өтті.

                              Күн тәртібінде:

  1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Баяндамашы: аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Ж.Исламбеков).
  2. Шыңғырлау аудандық мәслихатының «Шыңғырлау ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы. (Баяндамашы: аудандық жер қатынастар бөлімі басшысының м.а. С.С.Казиев).

        Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселені тындап және талқылап шешім жобасын аудандық мәслихат сессиясына бекіту үшін ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/chingirlau-maslihat/press/news/details/1049177?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді