
Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары қаламызда балалар алаңдарын көбейту туралы Президент тапсырмасын лайықты деңгейде орындап келеді. Мәслихат төрағасы Әлихан Қуатбеков, депутаттар Болат Абдрахманов, Ирина Осипованың бастамашылығымен 2023 жылы халық тығыз орналасқан “Лесная поляна” ТА-на 5 балалар алаңының, 1 футбол алаңының салынуына қол жеткізілсе, 2024 жылы депутаттар бюджеттен балалар алаңдарын орнатуға қаржы бөлуге мүмкіндік жасады. Нәтижесінде жоба дайындалып, биыл 4 алаң салынды.
2025 жылы балалар алаңын орнатуда жеке секторға басымдық берілді. Атап айтқанда Ұлы дала көшесі, Жамбыл Жабаев көшесі аумақтарына, “Орион” ТК және “Лесная поляна” ТА-ғы №21 үй аумағында орнатылды. Балалар алаңын орнату мәслихат депутаттарының сайлаушылармен кездесулерінде жиі айтылатын мәселе болғандықтан депутаттық корпус өкілдері жұмыстың атқарылуын жыл бойы бақылауда ұстап келеді. Халықтың мүддесі жолындағы игі істер алдағы уақытта да лайықты түрде жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1049130?lang=kk
Жауап қалдыру