
Бүгін аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Алдияр Қозыбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар бойынша Тегісшіл және Жібек жолы ауылдық округ әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.
Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері мен отырысқа қатысушылардың ұсыныс-пікірлері талқыланды. Сонымен қатар, комиссия төрағасы тарапынан кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатындағы жұмыстарды жандандыру бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1049131?lang=kk
Жауап қалдыру