
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысының қорытындысына сәйкес, мектептердің, колледждердің және жоғары оқу орындарының жаңа оқу жылының басталуына дайындығы бойынша салалық министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді.
Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында айтылған Мемлекет басшысының еліміздегі білім беру мекемелерінде «Адал азамат» бағдарламасын енгізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Оқу-ағарту министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірге бір ай мерзімде «Адал азамат» бірыңғай білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын бекіту тапсырылды. Бұл тәрбие және оқыту жүйесін қалыптастыру бойынша кешенді әрі жан-жақты шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктері білім беру бағдарламаларының практикалық бағытта болуына баса мән беру жөнінде шаралар қабылдау міндеттелді. Сондай-ақ оқу нәтижелері үшін колледждер мен жоғары оқу орындарының жауапкершілігін арттыру бойынша шараларды пысықтауы қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1049466?lang=kk
Жауап қалдыру