Әрбір студент еңбек нарығының талаптарына сәйкес нақты кәсіби дағдыларға ие болуы керек — Олжас Бектенов ТжКБ үшін үшін бөлінген 150 грант туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Үкімет отырысында Премьер-министр колледждер мен жоғары оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындығына ерекше назар аударды.

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша колледждерге техникалық және кәсіптік білім алу үшін 150 мыңға жуық студент қабылданады.

«Колледждер дуальды оқыту, қамқорлыққа алу, өндірістік тәжірибе арқылы кәсіпорындармен тығыз жұмыс істеуі тиіс. Әрбір студент еңбек нарығының талаптарына сәйкес нақты кәсіби дағдыларға ие болуы керек.

Сондай-ақ жоғары оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындығын қамтамасыз ету қажет. Инфрақұрылым мен жатақхана ғана емес, сонымен қатар оқу бағдарламаларының заман талабына сай болуын да назарда ұстау қажет. Мамандар тапшы болып отырған инженерлік, IT, педагогикалық, медициналық бағыттарға ерекше назар аударған жөн», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1049465?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді