Ақмола облысының прокуратурасы сотталғандарға қашықтықтан медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс сапарымен Көкшетау қаласының тергеу изоляторына барды.

Ведомство басшысы, облыс прокуратурасы үйлестірумен жөнделген изолятордың медициналық блогын қарап шықты, онда ол «MED 365» медициналық кешенінің жұмыс істеуімен танысты, оның көмегімен қамаудағы тұлғаларға, тар маманданған дәрігерлерге алғашқы медициналық көмек қашықтан көрсетіледі.

Айта кету керек, бұл медициналық жабдық облыс прокуратурасының бастамасымен сотталғандарды түзеу мекемелерінен тыс жерлерге әкету санын азайту және оларға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында сатып алынған.

Бұдан басқа, Денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен Министрге Гранитный к. №7 мекемесінде медсанбөлік салу бойынша облыс прокуратурасының ұсыныстарын іске асыру барысы туралы баяндалды. Бүгінгі таңда медициналық блоктың үй-жайларын медициналық жоспарлау аяқталды, қазір жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және одан әрі құрылысқа қаражат бөлу мәселесі шешілуде.

Түзеу мекемелеріндегі медициналық санитарлық бөлімдер қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында прокуратура Министр қолдаған бірқатар ұсыныстар енгізді, Денсаулық сақтау басқармасына оларды іске асыру үшін тапсырмалар берілді.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1049470?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді