
🔹 Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында келіп түскен арызды жан-жақты зерделеп қарау мақсатында, өкілдіктің жанынан құрылған Сараптама кеңесінің мүшелерімен бірлесіп, Жезқазған қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі орталық – «Аялы алақанға» барып, жағдаймен танысты.
Сапар барысында орталықтағы тәрбиеленушілерге көрсетілетін әлеуметтік, медициналық және психологиялық көмек сапасына назар аударылып, қызмет көрсету шарттары мен мамандардың жұмыс жағдайы зерделенді. Сонымен қатар, ата-аналардың, орталық қызметкерлерінің және басқа да мүдделі тараптардың пікірлері тыңдалды.
Бару барысында, анықталған кемшіліктер бойынша ұсынымдар жолданды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1049468?lang=kk
Жауап қалдыру