
Атырауда «Ассамблея жастары» көшбасшылар мектебінің ашылу салтанаты өтті. Іс- шараға Астана қаласы, сонымен қатар Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан келген 45 белсенді жас қатысуда.
Бағдарлама аясында қатысушылар үшін тренингтер, шеберлік сағаттары, командалық жұмыстар, патриоттық кездесулер мен пікір алмасу сессиялары ұйымдастырылуда. Сондай-ақ мотивациялық дәрістер, мәдени-танымдық шаралар және тимбилдинг ойындары өткізіліп, олардың шығармашылық әлеуетін арттыру көзделген.
Келесі күні лагерь қатысушылары Құрманғазы ауданындағы Теңіз ауылына барып, лотос гүлін тамашалайды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл сапар жас көшбасшылардың туған өлкенің табиғи байлығын танып-білуіне және экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етпек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1049881?lang=kk
Жауап қалдыру