ЖАЛАҒАШ КЕНТІНДЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлерімен қатар, көше тұрғындары, ерікті жастар да белсенді қатысып, айналаны таза ұстауға өз үлестерін қосты.
🔷 Аудан әкімі Ардақ Ибраимов сенбілік аясындағы жұмыстарды аралап көріп, жиналған қоқыс қалдықтарды уақытылы шығару, санитарлық тазалықты жүйелі жүргізу, жасыл желектерді күтіп ұстау, аяқсуды уақытылы жеткізу бойынша нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, ортақ іске белсене атсалысқан тұрғындарға ризашылығын білдірді.
🔷 Акция барысында кенттегі негізгі көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдары, саябақтар тазартылып, жабайы шөптер шабылды. Шыққан қалдықтар арнайы техникамен белгіленген орындарға шығарылды. Қураған бұтақтар кесіліп, жол жиектері мен сызықтары жаңартылды.
@Жалағаш кенті әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-district/press/news/details/1049884?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді