
Үкімет отырысында Премьер-министр бірыңғай қауіпсіздік жүйесін енгізу жөніндегі Президент тапсырмасы сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы керек екенін атап өтті. Білім беру мекемелерінде лицензиясы бар күзет, турникеттер, жедел басқару орталықтарына қосылған камералар міндетті түрде болуы тиіс.
«Мұның барлығы оқу орындарында балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне кепілдік береді. Ішкі істер министрлігі терроризмге қарсы қорғау талаптарына сәйкестігі тұрғысынан білім беру нысандарын тексеру жұмысын жалғастыруы қажет. Бүгінде өңірлердегі жекеменшік білім беру ұйымдарының 30%-ға жуығы қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмеген. Осыған назар аударған дұрыс», — деді Олжас Бектенов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1049459?lang=kk
Жауап қалдыру