
Бурабай ауданының прокуратурасында аудан прокурорының м.а. Н.Қ. Досполовтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру мәселелері бойынша ведомствоаралық жедел кеңес өтті.
Аталған кеңесте Қылмыстық-процестік кодекске адамның құқықтарын қамтамасыз етуге, жеке бостандықты сақтауға және қамауда ұстау мерзімін ұзарту мәселелерін реттеуге бағытталған бірқатар түзетулер енгізілгені атап өтілді.
Кеңеске аудандық полиция бөлімі мен адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында адвокаттардың құқықтық санасын және кәсіби біліктілігін арттыру шаралары; қылмыстық сот өндірісінің тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары; қорғау құқығына ие куәгерлерге қосымша кепілдіктер беру; қудалау, мәжбүрлі неке және өзге де қылмыстық құқықбұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық енгізу мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша қылмыстық қудалау орбитасына тартылған азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар әзірленіп, заңнамадағы жаңа нормаларды қолданудың бірыңғай тәсілдері айқындалды.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1049458?lang=kk
Жауап қалдыру