ШҚО-да тұрмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Тұрмыс» ЖПІШ басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
                                                                                           ШҚО-да тұрмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Тұрмыс» ЖПІШ басталды
 
Бүгінде ең өзекті мәселелердің бірі – тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу болып табылады.
 
Осы мақсатта ағымдағы жылдың 12-15 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Оның басты мақсаты – тұрмыстық қарым-қатынас саласында құқықбұзушылықтардың анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ тұрмыстық негізде жасалатын қылмыстарға жол бермеу шараларын қабылдау.
 
Шара аясында атқарылатын жұмыс жоспары бойынша:
•отбасында құқықбұзушылық жасағаны үшін профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексеру;
•өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға барып тексеру;
•халықпен заң талаптарын сақтау және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке профилактикалық әңгімелесулер жүргізу.
 
Шығыс Қазақстан облысының полициясы өңір тұрғындарын отбасындағы зорлық-зомбылық, зиян келтіру қаупі немесе өзге де  заңға қайшы әрекеттер фактілеріне бейжай қарамауға шақырады. Мұндай жағдайлар туралы ішкі істер органдарына «102» нөмірі арқылы немесе ең жақын орналасқан полиция бөліміне хабарлауға болады.

                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1049281?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді