Жаңа өнімді қабылдауға элеваторларды дайындау жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаппай орақ науқаны қарсаңында өңірлерде 2025 жылғы өнімді қабылдауға арналған элеватор сыйымдылықтарын босату бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Іс-шаралар жиналған астықтың сақталуын және оны үздіксіз сақтау процесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Облыс әкімдіктерінің мәліметінше, астық сақтау сыйымдылығының жалпы көлемі 30,9 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде 13,5 млн тоннасы — жұмыс істеп тұрған лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында, 17,4 млн тоннасы — ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде.

Qoldau.kz ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, лицензияланған астық қоймаларының жүктемесі 2,3 млн тоннаға (17%) жетеді, ал бос көлемі шамамен 11 млн тонна. Бұл сыйымдылықтар, өткен жылдардағы ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, жаңа өнімді қабылдауға жеткілікті.

ҚР АШМ элеваторларды босату барысын мониторингтеуді жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1049280?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді