
Бүгін Абай облысында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мерейтойлық онкүндік өз шарықтау шегіне жетті. Қарауылтөбеде өтіп жатқан бұл үлкен жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, әлемнің 15 елінен делегациялар келді.
Сондай-ақ, ұлы тойды тамашалау үшін облыстық мәслихат төрағасы және еліміздің 15 өңірінен жиналған мәслихат төрағалары жиналды. Мерейлі думанға сондай-ақ облыстық, аудандық мәслихат депутаттары мен өзге өңірлерден келген ресми қонақтар қатысты. Жалпы, тойға 30 мыңнан астам адам келді деп болжануда.
Салтанатты бағдарлама аясында өңірден келген мәслихат төрағалары Бөрілідегі Мұхтар Әуезов музейінде болып, одан кейін Абай ауданындағы Жидебайдағы Абай кесенесі мен музейін аралады.
Сонымен қатар, меймандар Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенесінде делегация мүшелері ұлы ақынның рухына тағзым етіп, дұға оқыды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1049279?lang=kk
Жауап қалдыру