Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының ғылыми-білім беру орталығының директоры Ержан Егембердиев «24KZ» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасының қонағы болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының ғылыми-білім беру орталығының директоры Ержан Егембердиев «24KZ» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасының қонағы болды.

Ол Академияны Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына беру кадрлық, ғылыми және білім беру әлеуетін жүйелі түрде жаңғыртуға және нығайтуға мүмкіндік ашқанын атап өтті. Осы мақсатта Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов Сот төрелігі академиясының 2025–2027 жылдарға арналған дамыту тұжырымдамасын бекітті.

Кеңес қарамағына өткен сәттен бастап Академия ауқымды трансформациядан өтті: докторантураға лицензия алынды, ғылыми-педагогикалық магистратура ашылды, заманауи білім беру форматтары енгізілді, судьялық және ғылыми кадрларды даярлау жүйесі жаңартылды, біліктілікті арттыру курстары жаңғыртылды. Алғаш рет судьяларға арналған, олардың кәсіби сұраныстарына бейімделген жеке бағдарламалар енгізілді.

Референдиат бағдарламасы аясында азаматтық-құқықтық және қылмыстық-құқықтық бағыттар бойынша екі ағымда кандидаттар дайындалып, тыңдаушылар мен сарапшылардан жоғары баға алды.

Академия ғылыми ұйым мәртебесін алып, гранттарға қолжетімділігін кеңейтті, ал оның ғылыми журналы ұсынылған ғылыми басылымдар тізіміне енгізілді.

Жетістіктер қатарында — халықаралық ынтымақтастық, материалдық-техникалық жаңарту, криминалистикалық полигонды іске қосу және цифрлық платформаларды енгізу бар.

Барлық өзгерістер Жоғары Сот Кеңесінің стратегиялық басқару мен қолдауының арқасында мүмкін болды. Кеңес заманауи, тұрақты судьялар мен ғылыми кадрларды даярлау моделін қалыптастырып, уақыт талабына жауап беретін және қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыратын жүйені құруда.

ҚР ЖСК Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1049329?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді