ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ҚЫСТЫҚ ҚОРЫН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕСІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
☑️Түркістан облысында жалпы тіркелген мал саны 6 млн-ға жуықтаған. Мал азығының қажетті қорын жинау мәселесі өзге түйткілдердің көлеңкесінде қалмауы керек.
☑️Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков кезекті лездемелік мәжілісте бұл тақырыпқа арнайы тоқталып, Ауыл шаруашылық басқармасына тиісті тапсырмаларды жүктеді. Мамандардың мәлімдеуінше, өңірде бүгінгі күнге дайындалған мал азығы болжаммен 4 млн. тоннаға жуықтаған.
☑️Мәжілісте облыс әкімінің орынбасары ықтимал тәуекелдерді ескеріп, аудан-қалалардың қажеттілік кестесін әзірлеуді тапсырды. Ақмола облысымен түзілген келісімге сәйкес, арзандатылған кебек тасымалын қыркүйек айынан кешіктірмеуді ескертті. Сондай-ақ, шаруаларға мал жаюға және шөп оруға орман қоры аумағында орналасқан шабындықтардан пайдалану мүмкіндігіне қарай жер ұсыну мәселесін көтерді.
☑️Мал қыстату кезеңін қалыпты деңгейде өткізу үшін аудан-қала әкімдіктерімен бірлесе отырып қадамдық жоспар түзу келісілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1049760?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді