Тайландта өткен бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында түркістандық боксшылар табысты өнер көрсетті. 60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Нұрислам Қалдыбаев қарсыластарына дес бермей, жеңіс тұғырының ең биігінен көрініп, екі дүркін Азия чемпионы атанды.
Қыздар арасында 75 келіге дейінгі салмақта Шұғыла Нәлібаева күміс медаль иеленсе, 51 келі салмақ дәрежесінде Айым Танкибаева қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, өңір мақтанышы Нұрислам Қалдыбаев – Түркістан облыстық жоғары шеберлер спорт мектебінің шәкірті болса, Шұғыла Нәлібай да аталған спорт мектебінде шеберлігін шыңдап, бұл күндері «Түркістан кәсіпқой бокс клубының» сапында түрлі жарыстарда жүлде салып жүр.
Жауап қалдыру