Ақмола облысы жаңа оқу жылына тың серпінмен дайындалуда: мектепалды даярлық пен бірінші сыныпқа қабылдауға басымдық берілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025–2026 жаңа оқу жылы қарсаңында Ақмола облысында білім беру жүйесінде қызу дайындық кезеңі аяқталуға жақын. Биыл ерекше назар білім беру сатылары арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге, мектепке дейінгі даярлықтың сапасын арттыруға және балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға аударылып отыр.

Жаңа оқу жылында облыс аумағындағы 520 мемлекеттік мектепте 140 мыңнан астам оқушы білім алады, оның ішінде 12 мыңнан астамы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласы да тұрақты даму үстінде. Өңірдің 29 колледжінде 20 мыңға жуық студент білім алады деп жоспарлануда. Мемлекеттік тапсырыс аясында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 5,7 мың мектеп түлегі қабылданып жатыр. Бұл – облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Облыстың білім беру жүйесінің іргесін 23 мың педагог маман құрайды. Олар – сапалы білім мен тәрбие берудің басты тірегі.

Бүгінде білім беру саласының барлық күші оқу жылының жоғары деңгейде басталуына жұмылдырылған. Біз, педагогтардың үйлесімді еңбегі, заманауи оқыту әдістері мен мемлекеттік қолдау арқылы алға қойылған міндеттерді табысты іске асыратынымызға сенімдіміз, – деп атап өтті Валерий Гамазов.

Жаңа оқу жылы күшейтілген кадрлық әлеуетпен, жаңартылған инфрақұрылыммен және өңірдің әрбір баласы үшін сапалы, қолжетімді білім беруді басты бағдар етіп бастағалы отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1050619?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді