Ақмола облысы жаңа оқу жылына тың серпінмен қадам басуда: жаңа мектептер ашылып, ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025-2026 жаңа оқу жылын Ақмола облысы апатты және үш ауысымды мектептерсіз бастайды.  Бұл – 1 қыркүйекке дейін пайдалануға берілетін 5 мектептің және 9 бой көтерген «Келешек мектебінің» нәтижесі. Жаңа нысандардың іске қосылуы шамамен 15 мың оқушыны орынмен қамтуға мүмкіндік береді.

 2023 жылы жаңа мектептердің пайдалануға берілуі арқасында үш ауысымды оқыту мәселесі түбегейлі жойылды. Апатты мектептер де жоқ. Ал 2024–2025 оқу жылында маңызды қадам жасалып, ұлттық жоба аясында «Келешек мектеб» форматындағы 9 заманауи мектеп өз жұмысын бастады, – деді Ақмола облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Валерий Гамазов.

Бүгінде өңірдің 77 білім беру мекемесінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Атап айтқанда, 34 нысанда күрделі жөндеу, ал 43 нысанда ағымдағы жөндеу жүргізілуде.

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес облыста мектептерді жаңғыртудың үш жылдық жоспары бекітілген. Жоспар аясында 2027 жылға дейін 90 мектепке кешенді қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Биылдың өзінде жаңа оқу жылына дейін 20 мектептің жөндеу жұмыстары аяқталады.

Мектептерді жаңғырту – ауылдық жерлердегі балалардың сапалы білім алуға қол жеткізуіне берік негіз қалайды, – деп атап өтті облыстық білім басқармасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1050616?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді