
*Астана қаласы бойынша ҚАЖД қызметкері “Jüregimniñ Jenimpazy” қайырымдылық марафонына қатысты*
Астанада жыл сайын өтетін *”Jüregimniñ Jenimpazy”* қайырымдылық жүгіру марафоны өтті. Шараның мақсаты — *ағза трансплантациясы мәселесіне назар аудару* және *ауыстыруды қажет ететіндерге қолдау көрсету*. 2025 жылғы 10 мамырдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда мұндай науқастар саны – *4 226 адам*, оның *128-і — балалар*.
Бұл марафонға *Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің қызметкері* 3 км қашықтықта қатысты. Бұл іс-шара трансплантологияны дамытуға және қоғамда донорлық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
*«Мұндай акциялар адамдарды біріктіріп, спорт арқылы да өмірді құтқаруға болатынын көрсетеді. Осындай маңызды шараның бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз»,* – деп атап өтті шараға қатысқан қызметкеріміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1050627?lang=kk
Жауап қалдыру