ҚР Әділет вице-министрі Лаура Мерсәлімованың төрағалығымен әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 2030 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасын және Конституциялық Соттың Жолдауын іске асыру аясында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске реформалар енгізудің негізгі бағыттары талқыланды.

Кездесу барысында әкімшілік құқық бұзушылықтарды ауырлық дәрежесіне қарай жіктеу, кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары бойынша айыппұл жүйесін қайта қарау, ӘҚБтК-ден жекелеген құрамдар мен жаза түрлерін алып тастау және оларды салалық заңнамада реттеу, сондай-ақ жауапкершілікті шамаластық және құқықтық айқындық қағидаттарына сәйкестендіру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, ӘҚБтК-ге реформалар енгізу аясында салалық заңнаманы кешенді түрде қайта қарау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Барлық мемлекеттік органдардың белсенді қатысуы, ұсыныстар мен негіздемелерді уақтылы ұсыну маңызды екені атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар Әділет министрлігі ұсынған негізгі тәсілдерді қолдап, қазіргі заманғы, теңгерімді және тиімді әкімшілік жауапкершілік жүйесін қалыптастыру үшін одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1050628?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді