
10-11 тамыз күндері Абай облысының Семей қаласында, Абай ауданы, Қарауылтөбе елді-мекенінде өткен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған салтанатты концерттерде К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы әртістері: “Тараз” триосы, Динара Диханбаева, Мадина Бердиярова және Ербосын Қасымбеков өнер көрсетті.
Мұндағы мақсат – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өту арқылы оның рухани мұрасын ұлықтау, өскелең ұрпаққа даналық сөздері мен ұлағатты ойларын насихаттау, сондай-ақ қазақ халқының классикалық поэзиясы мен ұлттық музыкасын дәріптеу. Сонымен қатар өңіраралық мәдени байланыстарды нығайтып, Жамбыл облысы өнерпаздарының өнері арқылы ел ішіндегі рухани бірлікті, мәдени алмасуды арттыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1050562?lang=kk
Жауап қалдыру