
Қазіргі уақытта платформада заңды тұлғаның мобильді нұсқадан өтініштерді онлайн режимде беру мүмкіндігі жоқ.
Еotinish-тің web нұсқасы арқылы https://eotinish.kz сілтемесі бойынша өтініш беруге немесе ХҚКО-ға, “Нәтиже” бөліміне жүгінуге болады.
Заңды тұлға өтініш беру үшін төмендегілерді орындау қажет:
1. https://eotinish.kz сілтемесі бойынша өту;
2. Сервисте авторлану:
3. Өтініш түрін таңдау (әдепкі түрі – Арыз);
4. Қажетті мемлекеттік органның атауын енгізіңіз;
5. Өтініш мәнін сипаттау;
6. Қажетіне қарай файлдар тіркеу (аудио және видео файлдар, сондай-ақ жиынтық көлемі 80 мб-дан асатын файлдар қоса берілмейді);
7. Нақты тұратын мекен-жайын көрсету;
8. ЭЦҚ арқылы қол қою және жіберу;
9. Жіберілгеннен кейін өтінішке бірегей нөмір беріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-toqmaganbetov/press/news/details/1050564?lang=kk
Жауап қалдыру