
Бірінші қыркүйек қарсаңында Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті оқушылардың денсаулығында проблемалар туындамас үшін нені білу қажеттігін түсіндіреді.
1 қыркүйектен бастап мектеп өмірі басталады. Бірінші сынып оқушыларында мектепке бейімделу стресспен бірге жүреді, күн тәртібі әдеттегі мектепке дейінгі режимге ұқсамайды. Өмір салты өзгереді: балаға қойылатын талаптар, қоршаған орта, мінез-құлық.
Ата-аналар ең алдымен, ұйқы мен демалу режимін қадағалап, теңдестірілген жеткілікті тамақтануды қамтамасыз етуі керек. Түнде бала кем дегенде он сағат ұйықтап, таңертең бір уақытта тұруы керек. Спортпен шұғылдану мен демалуды кезектестіре отырып, күнделікті ашық ауада серуендеңіз.
Бейімделу кезеңі әдетте бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылады. Мұның бәрі баланың жеке ерекшеліктеріне, сондай-ақ мұғалімдердің олармен жұмыс істеуіне байланысты. Сыныпта гигиеналық нормалардың сақталуын қадағалау керек, мектеп жиһазы оқушының жасына сәйкес келуі қажет.
Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуда гигиеналық талаптарды ескере отырып таңдалған мектеп формасы мен аяқ киім маңызды рөл атқарады.
Оқушылар көп уақытын мектепте өткізетіндіктен, олар мектеп костюмдерінде өзін өте ыңғайлы және жайлы сезінуі керек. Дұрыс таңдалған киім қажетті дене температурасын, ылғалдылықты және ауа өткізгіштігін қамтамасыз етеді.
Мектеп формасы мен аяқ киім өлшеміне сай және әдемі, сапалы, киюге ыңғайлы болуы керек. Оны киюге және шешуге оңай болуы керек. Оқушыға оның реңі ұнауы қажет.
Құрметті ата-аналар, мектеп костюмдері мен аяқ киімдерін сатып алған кезде есіңізде болсын:
1) гигиеналық талаптарда матаның құрамы маңызды рөл атқарады және бұл үшін сатып алар кезде таңбалауды мұқият оқып шығыңыз;
2) химиялық тазалауды қажет ететін форманы сатып алмаңыз. Гигиенист дәрігерлер біркелкі тазалау кезінде қолданылатын химиялық заттардың балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына зиянын тигізетінін ескертеді;
3) мектеп формасының табиғи матадан тігілгені дұрыс: мақта, зығыр, жүн және т.б. Баланың терісі синтетикалық матадан жасалған киіммен дем ала алмайды. Мектеп оқушыларында жылу алмасудың бұзылуы нәтижесінде – терлеу және салқын тию жоғарылайды. Бұл суық тиюге әкелуі мүмкін. Синтетикадан жасалған мектеп формасын киген кезде пайда болатын аллергия өте қауіпті. Мұндай киімге шаң мен түрлі микроорганизмдер тартылады. Егер ол баланың шырышты қабығына түссе, мұның бәрі аллергиялық бөртпе тудыруы мүмкін.
4) балалар мен жасөспірімдердің тітіркенуі мен шаршауының себебі синтетикалық матадан жасалған киім киюінен де болуы мүмкін, өйткені статикалық электр жүйке жүйесіне әсер етеді.
5) мектеп формасынан қатты иіс шықпауы керек. Егер матаның иісі жағымсыз болса, оның құрамында зиянды химиялық заттар болуы мүмкін.
Құрметті ата-аналар Сіз сатушыдан мектеп формасы мен аяқ киімге сәйкестік сертификатын талап ете аласыз! Бұл оқушылардың денсаулығы үшін қауіпсіз кепілдік.
Оқушының аяқ киім өлшемі мен стилі аяқтың формасын өзгертпеуі қажет. Балаңызға тым тар немесе бос аяқ киім сатып алмаңыз. Мектеп аяқ киімінің өкшесі 2 см-ден жоғары болмауы керек. Лакпен және резеңкеден жасалған аяқ киімді сатып алмаған жөн.
Мектеп керек-жарақтары үшін сөмкені немесе рюкзакты таңдау керек. Ауыр сөмкелерді қолдануға және оларды иыққа киюге болмайды.
Дұрыс таңдалған мектеп формасы және ыңғайлы аяқ киім, ең адымен, оқушылардың денсаулық кепілі, олардың оқуға деген ықыласын және көңіл-күйін қалыптастырады.
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті барлық оқушыларға денсаулық және жаңа оқу жылында табыс тілейді!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1051181?lang=kk
Жауап қалдыру