Тамыз конференциясы-2025: «Әдістемелік орталықтар: дамудың жаңа парадигмасы» секциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Республикалық ұстаздардың тамыз конференциясы аясындағы панельдік секциялар жұмысы өтті. Бүгін «Әдістемелік орталықтар: дамудың жаңа парадигмасы» секциясы өтіп, оған облыстық және қалалық әдістемелік орталықтардың басшылары, аудандық кабинеттердің меңгерушілері, білім басқармаларының мамандары, тірек және шағын жинақты мектеп директорлары, педагогтер мен сарапшылар қатысты.

Секция жұмысына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев арнайы қатысып, әдістемелік орталықтардың білім беру жүйесіндегі маңыздылығына тоқталды. Ол бұл орталықтардың педагогтерге сапалы әдістемелік қолдау көрсетіп, мектептердегі білім сапасын арттыруға тікелей әсер ететінін атап өтті. Министр сондай-ақ орталықтардың кадрлық әлеуетін күшейту, мүмкіндіктерін дамыту және әдістемелік қызметке білікті мамандарды тарту қажеттігін ерекше баса айтты.

Сондай-ақ секция барысында қатысушылар әдістемелік қызметті ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін, мұғалімдерді қолдаудың және олардың кәсіби өсуін қамтамасыз етудің жаңа тетіктерін талқылады. Әдістемелік орталықтардың білім сапасын арттырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Күн тәртібінде орта білім беруді дамытудың стратегиялық басымдықтары, әдістемелік орталықтардың білім беру экожүйесіндегі орны, басқарушылық шешімдер қабылдауда PISA зерттеулері деректерін пайдалану тәжірибесі, өңірлік жетістіктер, сондай-ақ EdTech пен жасанды интеллект құралдарын енгізу мәселелері қамтылды. «Ұлттық сарапшы» жобасы қатысушыларға жеке бағыт ретінде таныстырылды.

Бағдарламаның екінші бөлігі кейс-сессиялар форматында өтті. Онда өңірлік көшбасшылық пен стратегиялық басқару, табысты білім беру ортасын қалыптастырудағы мектеп басшылығының рөлі, әдістемелік орталықтың аймақ дамуының драйвері ретіндегі маңызы және педагогтерді қолдау экожүйесін қалыптастыру тақырыптары талқыланды.

Бүгінде Қазақстанда 20 облыстық және қалалық әдістемелік орталық пен 205 аудандық кабинет жұмыс істейді. Онда 3 мыңнан астам әдіскер қызмет атқарады. 2019 жылдан бастап Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы олармен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Әдіскерлер мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге, әдістемелік ұсынымдар дайындауға, инновациялық жобаларды енгізуге және білім беру саласындағы өзгерістерді мектептерде тиімді жүзеге асыруға белсенді атсалысуда.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aqmola/press/news/details/1051180?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді