КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданында Құрылысшылар күніне орай сала мамандарын марапаттау рәсімі өтті. Аудан әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиев аудан аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекемелердің құрылысшыларын қабылдап, аудан әкімінің атынан Алғыс хаттар табыстады.
— Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз – ауданымыздың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттырудағы маңызды үлес. Әрбір тұрғызылған нысан – сіздердің маңдай терлеріңіздің жемісі. Бүгінгі марапат – еңбектеріңізге деген алғысымыздың бір көрінісі, – деді Мақсат Тұрдиев.
Марапат иелеріне аудан тарихы мен мәдениетін танытатын «Келесім – Атамекенім» кітабы сыйға тартылды. Барлығы 20-ға жуық құрылысшы құрметке бөленді. Іс-шара құрылыс саласы қызметкерлерінің еңбегін бағалап, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесін дәріптеуге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1051308?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді