АБАЙ ДАҢҒЫЛЫНДА – АБЗАЛДЫҢ СУРЕТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Орал қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінің қасбетіне жерлесіміз, шорт – трек шебері Абзал Әжіғалиевтің бейнесі салынды.
Абзал – ауылдан шыққан чемпион. Оралдағы мұздың бетінде конькимен алғашқы қадамдарын жасаған ол ақ Олимпиаданың айдынына дейінгі жолды жүріп өтті. Үш Олимпиадаға қатысты, Бейжіңдегі додада Қазақстанның туын ұстап шықты. Әлем кубогының иегері
Абзал Әжіғалиев биыл Қытайдың Харбин қаласында Азия чемпионы атанды.
– Абзал – әлемдік мұз айдындарындағы Қазақстанның елшісі. Шорт – трек бойынша ол әлемнің алдыңғы қатарлы спортшысы. Жігері мен жетістігіне құрмет ретінде Орал қаласындағы муралдың бірін Абзал Әжіғалиевке арнадық. Орал – Абзалдың туған қаласы. Қала күніне орай қалалық әкімдіктің және жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен биыл жасыл шаһардың 10 бұрышында қабырғалар суретпен көмкеріледі. – дейді Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев.
Айта кетейік, Абзалдың суреті Абай даңғылының бойында тұр. Туындының авторы – Дарья Полищук.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1052138?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді