АЛПЫС БЕС ЖАСЫНДА ДЗЮДО КҮРТЕСІН КИДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Өмірде ештеңе еш уақытта кеш емес.
Сырым ауданындағы А. Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің самбо күресі үйірмесінің бапкері Санат Берсебаев 65 жасында тұңғыш рет дзюдодан жарысқа қатысты.
Орал қаласындағы спорт шеберлері арасында өткен ҚР чемпионатында бозкілемге шыққан Санат Берсебаев біріншіден өзінің бабын сынап көргісі келген, екіншіден шәкірттеріне адам барлық жаста да жетістікке жете алатынын дәлелдегісі келген. Бапкер дегеніне жетті. Самбошы Санат финалда Амангелді Бақтияровты жеңіп, М8 жас тобы бойынша 60 келі салмақ дәрежесінде республика чемпионы атанды.
Жалпы, чемпионатта сырымдық ардагерлердің арыны қатты болған. Қазболат Құрмашов М8 тобында 60 келі дәрежесі бойынша алтын алды.
Ғанимат Құбашев 73 келіде (М5)
әлем чемпионын жеңіп, бірінгі орынға ие болды.
Бозкілемнен алыстағанына көп бола қоймаған сырымдық Мирас Болатов 81 келі бойынша (М1 тобы) алтыннан алқа тақты.
Қособа күрес мектебінің өкілдері – Сырым Мирманов (М1) 73 келі салмақ дәрежесінде, Жайманов Алтынбек (М4) 81 келі бойынша жеңімпаз атанса, Мұрадым Аубакиров (М6) күміс жүлдегер, Ерболат Мұқанов (М4) 3 орын иеленді.
Жүлдеге іліккен палуандардың қараша айында Франция астанасы Парижде өтетін әлем чемпионатында бақ сынауға құқы бар.
Б. ШЕРІМ,
Сырым ауданы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1052139?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді