Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
12 тамыз күні сағат 15:26 шамасында Атырау қаласында ер адам көпірден секірмек болды. Хабарлама түскен бойда Атырау қаласы полиция басқармасы №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Мирас Өтепов оқиға орнына дереу жетіп, ер адамды дер кезінде ұстап қалды.Оны қауіпсіз жерге шығаруға учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Жандарбек Жаңбырбаев және полиция капитаны Фархат Базарбаев көмек көрсетті. Нәтижесінде 1984 ж.т. ер адам құтқарылып, жедел-тергеу тобына тапсырылды. Азаматқа медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, аталған оқиға бойынша тиісті шаралар жүргізілуде.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1051481?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді