
Аудан тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Қоршаған ортаның экологиялық тазалығын сақтау, «Таза Қазақстан» аясында Сарыағаш ауданында сенбілік жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Бұл іс-шара аудан тұрғындарының аумақ тазалығы мен экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды қадам болды. Сенбілікке аудандық маслихат депутаты Ә.Баратов, сондай-ақ ауданның мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері мен басқа да белсенді азаматтардың қатысуымен ұйымдастырылды.
Облыстық маңызы бар автожолдар мен ішкі көшелердің бойындағы күл-қоқыстарды жинақтап, арық-атыздарды тазалау, шөптерді ору жұмыстарымен айналысу арқылы жергілікті инфрақұрылымды жақсартуға үлес қосылды. Арнайы техниканың тартылуы жұмыстардың тиімділігін арттырды.
Бұл сенбілік қадамдары ауданның тазалығын сақтап қана қоймай, жергілікті тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға да ықпал етеді.
Жалпы аудандық сенбіліктің мақсаты – аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Ауданның әр бір тұрғындар өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың өңір тазалығына қосқан үлесі.
Барлық аудан тұрғындарын тазалыққа шақырамыз!
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1051508?lang=kk
Жауап қалдыру