Бүгін, 2025 жылғы 11 тамызда Қостанай қалалық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асыратын Арман Исмаиловтың төрағалығымен сегізінші шақырылымның кезектен тыс сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сессия жұмысына Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Зинагүл Кенжегарина және Қостанай қаласы әкімінің аппаратымемлекеттік мекемесінің бас маманы Алина Оразалинова қатысты.

Күн тәртібінде депутаттардың бірауыздан шешімімен қала әкімі ұсынған 3 мәселе бекітілді, олар әлеуметтік мәселелер, отбасылықдемографиялық саясат және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі комиссияның отырысында алдын ала қаралып, мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілді.

Атап айтқанда, Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілді, сондай-ақ кадрлық өзгерістерге байланысты Қостанай қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициентін бекіту жөніндегі комиссияның және Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың дербес құрамдарына өзгерістер енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-city/press/news/details/1049020?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді