БЦЖ вакцинасы: туберкулезге қарсы екпе

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Инфекциядан қорғайтын БЦЖ вакцинасы – туберкулез
Туберкулез – бұл көбінесе өкпеге әсер ететін туберкулез микобактериясынан туындаған жұқпалы бактериялық ауру.
Туберкулез адамнан адамға ауа арқылы таралады. Аурудың белсенді респираторлық түрімен ауыратын адамдар жөтелгенде, түшкіргенде немесе қақырық түсіргенде ауаға туберкулез микобактерияларын жаяды. Инфекция үшін адамға мұндай бактериялардың аз ғана мөлшерін жұту жеткілікті.
Туберкулездің негізгі белгілері – 2-3 апта бойы жөтел, кейде қақырық пен қан болады. Басқа жиі кездесетін белгілер – кеуденің ауруы, әлсіздік, салмақты жоғалту, қызба, түнде терлеу.
Туберкулез әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар үшін қауіпті, себебі ауыр асқынулардан болады-туберкулезді менингит және туберкулездің таралған түрлері, олар әрдайым жас балаларда өліммен аяқталады.
Вакцинация арқылы туберкулездің асқынуын болдырмауға болады.
Ересектердегі туберкулезге скрининг жүргізудің негізгі әдісі – жыл сайынғы флюорография. Манту және АТР сынамалары балаларда ауруды ерте сатысында анықтауға көмектеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1052200?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді