Полиомиелиттің алдын алу!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Полиомиелит – бұл негізінен балаларды зақымдайтын өте жұқпалы инфекциялық вирустық ауру. Полиомиелит вирусы ластанған тамақ және су арқылы беріледі, ішекке көбейеді және жүйке жүйесіне енеді, егілмеген балалар арасында қайтымсыз параличтің дамуына әкеледі.
Полиомиелиттің салдары мүгедектікке алып келетін қол мен аяқтың параличі болып табылады, ауыр жағдайларда тыныс алу бұлшықетінің параличі дамуы мүмкін, бұл өлімге алып келеді.
Вакцинациялау – бұл нәтижесінде адам вакцинаны енгізу арқылы иммунитетке ие болатын немесе жұқпалы ауруға сезімталдығы азаятын процесс. Әлемде жоқ дегенде инфекция жұқтырған бір бала қалса да барлық елдің балалары үшін полиомиелитті жұқтыру қаупі бар.
Қазақстан Республикасының профилактикалық егулер күнтізбесіне сәйкес халықты полиомиелитке қарсы вакцинациялау аралас пента және гексавакцин құрамында белсенділігі жойылған полиомиелит вакцинасымен (көкжөтел, дифтерия, сіреспе, B типті гемофилді инфекция және В гепатиті) 2, 3, 4 және 18 айда және бір екпе 12-15 айда – ауыз арқылы полиомиелит вакцинасымен жүзеге асырылады.
Вакцинациядан бас тарту инфекцияға сезімтал адамдардың жинақталуына және аурудың өршуін тудыруы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1052201?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді