
Қазақстандық астықтың еуропалық нарықтарға экспорттық жеткізілімдері кеңеюін жалғастыруда. 2025 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша Ақмола облысының аграршылары Эстония портының инфрақұрылымы арқылы 145 мың тонна астық экспорттады. Оның ішінде 110 мың тоннадан астамы — Италияға, 28 мың тоннадан астамы — Бельгияға, шамамен 6,5 мың тоннасы — Эстонияға жөнелтілді.
Эстонияның Muuga портының логистикалық мүмкіндіктерін пайдалану 2025 жылғы ақпанда Ақмола облысы әкімдігі мен Muuga Grain Terminal астық терминалы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумның арқасында мүмкін болды.
Айта кетейік, 2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылғы 10 тамызға дейін жаңа өнімді астық экспортының көлемі 9,8 млн тоннаны құрады. Бұл 2023–2024 жылдардың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55%-ға артық.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1052800?lang=kk
Жауап қалдыру