Қабылдау жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы бекітілген кестеге сәйкес аудан тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізді.

Қабылдауға келген Айшабибі ауылының тұрғыны Жандаулет Төлепбаев Қаратау ауылына апаратын жолдың жөнделуін және Қаратау ауылындағы көше жарығын қатысты сауалдарын жолдады.
Ал Ерназар ауылының тұрғыны Сайран Ормахаев егінсу мәселесіне қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Аса ауылының тұрғыны Зауреш Абдуалиева Жібек жолы көшесіне көше жарығын орнату қажеттігін айтты.

Аудан басшысы Қаратау ауылына апаратын аудандық мәндегі жолды алдағы жылдары күрделі жөндеуден өткізу үшін қаржы көзін қарастыру жоспарланып отырғанын, әзірге ағымды жөндеуге жұмыс жасалатынын, сондай-ақ ауылішілік көшелерді жарықтандыру жоспарға енгізілгенін айтты.
Сондай-ақ Аса ауылы Жібек жолы көшесіне қатысты сауал 2026 жылы жасау жоспарланғанын атап өтті.
Егінсу бойынша тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісінің тиімділігі түсіндірілді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/1052793?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді